380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Болашақтықтар съезде көтерілген бастамалардың орындалуына атсалысады

  • 608
  • UPD: 16:32, 27.02.2019

«Nur Otan» партиясының кезекті съезінің жұмысын «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та оқып жатқан студенттеріміз де мұқият бақылап, тыңдады.

Тілшімізбен кездескен олар партияны 20 жылдығымен құттықтап, ыстық лебіздерін жеткізді. 

Жайнагүл Төлеміс, студент:

- Меніңше, бүгінде Қазақстанның жастары білім десе, ішкен асын жерге қоятын, еңбек десе ешбір ойланбастан кірісетін мемлекетке айналып келе жатыр. Бұл жастардың болашағына жанашыр мемлекетте ғана мүмкін және тек жалт етіп жоғалатын емес, жылдар бойы кешенді түрде, жүйелі түрде қолдау көрсететін саяси партиясы бар мемлекетте ғана мүмкін. Сондықтан да «Nur Otan» партисяны алда келе жатқан мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын және осындағы Вашингтон қаласындағы қазақстандық жастар атынан сәлемімді жеткіземін.

Әмірхан Мұқашев, АҚШ-тағы қазақстандық студенттер альянсының өкілі:

- АҚШ-тағы қазақстандық Студенттер альянсы атынан «Nur Otan» партиясын кезекті съезі мен 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз. Биыл өте көп тиімді бастамалар қабылданған, шетелдегі жүрген біз де оң өзгерістерді байқап жүрміз. Біз Қазақстанды дамыту және әлемде еліміздің атын шығару үшін белсенді еңбек етудеміз. Бәріне табыс пен мақсаттарына жетуін тілейміз.

Хабар 24 телеарнасы