424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көп балалы отбасылардың жәрдемақысы қалай есептеледі?

  • 8750
  • UPD: 10:31, 28.02.2019

Партия съезінен кейін Үкімет басшысының орынбасары – еліміздің Қаржы министрі Әлихан Смайылов 21 мың теңге жәрдемақы нақты кімдерге берілетінін түсіндіріп берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, атаулы көмек тек 4 баласы бар және табысы төмен отбасыларға ғана төленеді. Жағдайы жақсы отбасыларға мемлекет тарапынан ондай көмек көрсетілмейді. Жауапты министрлік алдымен отбасылардың табысын есептейді. Егер кедейшілік деңгейінен төмен болса, онда әр балаға 21 мың теңге жәрдемақы тағайындайды. Оның айтуынша, соңғы екі жылдың ішінде әлеуметтік салаға республикалық бюджеттен бөлінген қаржының көлемі 34 проценттен 45 процентке дейін артты. Алдағы үш жылда аталған көрсеткішті 49 процентке дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрі:

– Жағдайы жақсы отбасылар ондай көмекке зәру емес деп ойлаймын. Ал кедейшілік деңгейінен төмен отбасыларға көмектесу керек. Президент айтқандай, кедейшіліктің деңгейі күнкөріс минимумының 50 процентінен 70 процентке дейін көтеріледі. Отбасының әрбір мүшесіне шаққанда, осы межеден төмен тұрғандарға атаулы көмектің жаңа түрі беріледі. Сосын ондай отбасылардың жалпы табысын есептегенде басқа әлеуметтік төлемдер ескерілмейді. Бұдан бөлек, әлеуметтік көмекті алу шаралары жеңілдейді. Демек әлеуметтік жағынан аз қамтылған көпбалалы отбасыларда әрбір балаға 21 мың теңгеге жуық жәрдемақы төленеді. Нақты айтсақ, 20 789 мың теңге. Ондай көмекті төрт және одан көп баласы бар отбасылар ғана алады.

Хабар 24 телеарнасы