382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде газдандыру және электрмен жабдықтау бағытына 140 млрд теңге бөлінбек

  • 446
  • UPD: 17:49, 27.02.2019

Елімізде ауылды аймақтарды дамыта түсу керек. Әсіресе азаматтарды таза ауызсумен қамтамасыз ету және газдандыру мәселелерін шешу қажет.

Осы ретте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сумен жабдықтау жүйесіне қосымша 140 млрд теңге қаржы бөлуге тапсырма берді. Осылайша 2 миллионнан астам адам таза суға қол жеткізеді. Сонымен қатар газдандыру және электрмен жабдықтау бағыттарына 140 миллиард теңге бөлінбек. Бұл өзекті мәселелерді ескере отырып «Nur Otan» партиясына «Құтты мекен» жобасын іске қосуға тапсырма берілді. Жаңа бастама инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– В каждом селе какую-то работу создавать же надо. Вот «Атамекен» сейчас работает над этим. Если мы дадим работу людям, они там закрепятся. И будут работать. Для этого у нас есть микрокредиты. У нас есть программа бесплатного обучения профессии, обучить, если он ничего не имеет. И дорожная карта есть, много есть возможностей, мы об этом говорили, надо конкретно работать. Нам нужно возводить жилье, строить дороги, коммуникации, соц.объекты, развивать малый и средний бизнес и люди будут стремится. У села есть свой потенциал достойно жить. И надо развивать перерабатывающюю промышленность.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының кезекті 18-съезі отырысынан арнайы шығарылымды біздің арнамыздан бүгін кешкі сағат 21:30 көруге болады.

Хабар 24 телеарнасы