384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында көктемгі дала жұмыстары 10 күнге ерте басталды

  • 682
  • UPD: 16:37, 27.02.2019
Жамбыл облысында көктемгі дала жұмыстары 10 күнге ерте басталды

Жамбыл облысындағы Байзақ және Жамбыл аудандарының шаруалары алғашқылардың бірі болып қайнаған қызу еңбекке кірісіп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Диқандарға мемлекет тарапынан 18 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінген. Бұл нарықтағы бағамен салыстырғанда, тауар өндірушілерге 10-15 теңгеге төмендетіліп беріліп отыр.

Байзақ ауданына қарасты Диқан ауылдық округінің шаруа қожалығында 731 гектар жер телімі бар. Былтырғы жылы шаруашылыққа тиесілі 130 гектар жерге күздік бидай себілген. Ал биыл шаруалар арпа, бидай мен көкөніс дақылдарының көлемін арттырамыз деп отыр. Қазіргі таңда 30 гектар жерге пияз тұқымын сеуіп үлгерген.

Қырмызы Жексенбек, тілші:

– Биыл шаруалар 673 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді жоспарлап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 жарым мың гектарға артқан. Өңірдегі шаруа қожалықтар 500 мың гектар жерді жыртып, өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол үшін 9 мың бірлік техника қарастырылған.

Ерлан Құлкеев, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Қазір техникалардың көктемгі жұмыстарына дайындығы 92 пайызды құрап отыр, көктемгі жұмыс басталғанға дейін техниканың дайындығын 97 пайызға жеткізіп, дала жұмыстары атқарылатын болады.

Облыста 30 мың тонна арзандатылған минералды тыңайтқыштарды алуға 1 млрд теңге бөлінді. Ал көктемгі дала төсіндегі қызу тіршілік мамыр айында аяқталмақ.

Авторлары: Қырмызы Жексенбек, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 телеарнасы