384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысындағы ауылдарда жолдар жаңартылады

  • 495
  • UPD: 08:55, 28.02.2019
Атырау облысындағы ауылдарда жолдар жаңартылады

Nur Otan партиясының сьезінде Елбасының 2025 жылға дейін ауыл жолдарының 95 процентін жаңғырту туралы тапсырмасы мұнайлы өңір тұрғындарын бір серпілтіп тастады.

Бүгінде Атырау облысы арқылы өтетін автокөлік жолдарының ұзындығы 3051 шақырым болса, оның 2 мың шақырымнан астамы ішкі қатынасқа қызмет етеді. Былтыр облыстың ішкі инфрақұрылымын дамытуға 33 млрд теңге жұмсалып, 276 шақырым жолға жөндеу жүргізілді. Алайда, атқарылар іс жеткілікті. Соның ішінде алыс ауылдарға қатынас әлі де сын көтермейді. Олардың ішіндегі бастысы үш ауданды байланыстыратын Индер-Қарабау-Миялы күре жолы. Бүгінде қатынастың нашарлығынан жолаушылар 123 шақырымдық жолға 5-8 сағат жоғалтатынын айтады.

Ержан Нұрқасымов, кәсіпкер:

- Егер осы жолдар салынып, инфрақұрылым жақсартылса, манағы сол ауылдағы халықтың да жағдайы жақсарады біріншіден, екіншіден жұмыс орындары да болады.

Хабар 24 телеарнасы