384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Nur Otan партиясы съезінің шешімдері көп балалы отбасыларға оң әсерін тигізеді

  • 1046
  • UPD: 08:56, 28.02.2019

Шілде айынан бастап, көмекке мұқтаж көп балалы отбасылардағы әр балаға берілетін төлемнің ең төменгі көрсеткіші 21 мың теңгені құрауы тиіс. Бүгінде еліміздегі 340 мыңнан аса отбасында 4-тен көп бала дүниеге келген. Олардың дені Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарында. 

Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шалқиды. Ал Nur Otan партиясының кезекті съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көп балалы отбасыларға қолдау көбейетінін жеткізді. Елдегі ең төменгі әлеуметтік төлем әр бала үшін 21 мың теңге шамасында болмақ.

 Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-  Ежегодно на поддержку семей выделяется более 500 млрд тенге. Эти семья имеют разную уровень дохода. Когда мы будем оказывать помощь, это надо учитывать. Поддержка многодетным семьям с низкими доходами.

Нұргүл Жұмахметқызы «Алтын алқа» иегері. 8 баланың анасы Елбасының бүгінгі пәрменіне дән риза. Көп балалы ана бір бөлмелі пәтерді жалдап отыр. Күйеуі күзетші. Бұл отбасы үшін мемлекет қолдауы ауадай қажет. 

Нұргүл Жұмахметқызы, көп балалы ана:

- Біздер, көп балалы, мемлекет тарапынан ол кісілердің қолдауына мұқтажбыз. «Алтын алқа» үшін 15000 теңге аламын ай сайын 8 балаға. Жаңағы пособияны енді алайын деп жатырмыз. Қуанарлық жаңалық. 

Көп балалы аналардың дені әлеуметтік қолдауға зәру. Ол түсінікті де. Бүгінде елімізде 111 мың табысы төмен жанұя тіркелген. Енді оларға көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек ең төменгі күнкөріс деңгейінен 70 пайызға артуы тиіс. Мұндай игілікті 830 мың отбасы көреді.

Ғалия Жабағина, бас сарапшысы:

- Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы табысқа байланысты. Ерлі-зайыптылардың табысы қосылады. Отбасындағы адамдар санына бөлінеді. Егер бөлінген сома кедейлік шегінен аз болатын болса, оларға төленеді.

Ал кедейлік шегіне кірісі 29 699 теңгеден төмен отбасылар жатады. Айта кету керек, елімізде 237 мың  көпбалалы ана бар. «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне жыл сайын 45 млрд теңге көлемінде жәрдемақы бөлінеді.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Асхат Қарағойшы

Хабар 24 телеарнасы