412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда мүгедек бала баққан ана дәрі-дәрмекке қомақты қаржы жұмсайды

  • 850
  • UPD: 11:12, 28.02.2019
Петропавлда мүгедек бала баққан ана дәрі-дәрмекке қомақты қаржы жұмсайды

Елімізде мүгелдек бала асырап отырған ата-аналарға берілетін жәрдемақы 30 процентке артады. Ол үшін алдағы үш жылда 300 милилард теңге қаржы қарастырылып отыр.

Мұндай жағымды жаңалықты көппен бірге Петропавл қаласының тұрғыны Люция Саутова да жылы қабылдады. Өйткені ол тірек қимыл апараты бұзылған 10 жастағы баласын бағып отыр. Жалпы айта кету қажет, қазіргі таңда өңірде осындай екі мыңнан астам бала бар екен.  

Люция Саутова, қала тұрғыны:

- Әрине біз секілді отбасыларға барынша көңіл бөлініп жатқандығы қуантады. Өйткені баланың күтімімен дәрі-дәрмегіне қыруар қаражат қажет. Ем-дом шаралары тағы бар. Сондықтан жәрдемақының 30 процентке артуы біз сияқты отбасыларға жақсы қолдау.

Хабар 24 телеарнасы