378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мүгедек балаларды бағуға бюджеттен қосымша 300 млрд теңге бөлінеді

  • 413
  • UPD: 15:59, 28.02.2019
Мүгедек балаларды бағуға бюджеттен қосымша 300 млрд теңге бөлінеді

Мүгедек бала асырап отырған ата-аналар жәрдемақысы 30 пайызға артады. Соның нәтижесінде 100 мың адамның жәрдемақысы өседі.

Осы мақсатта 2019-2021 жылдары қосымша 300 миллиард теңгені бөлуіміз керек деді Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезекті съезінде. Президенттің айтуынша, еңбекке жарамды азаматтарды жұмысқа тарту қажет. Бүгінде үйде отырып та табыс табуға болады. Жергілікті бюджет есебінен де көмек беруді күшейту керек. Өткен жылы жергілікті бюджеттер есебінен 135 миллирд теңге көмек берілді. Осындай көмекті жалғастыру қажет деп атап көрсетті Елбасы.

Хабар 24 телеарнасы