389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысы бойынша 25 мыңға жуық тұрғын жұмыспен қамтылады

  • 825
  • UPD: 15:33, 28.02.2019

Осы жылдың қаңтар айының өзінде мұнайлы өлкеде 2200 адам тұрақты қызметпен қамтылып үлгерді. Сонымен қатар көп балалы отбасыларды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында аймақта  «Іскер ана» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобаға сәйкес көп балалы аналар 13 мамандық бойынша арнайы білім алады. 

Жалпы жұмыссыздық деңгейі бойынша мұнайлы өлке ең төменгі сатылардың бірінде. 2018 жылдың 3-тоқсанының қорытындысымен жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,4 пайызды құрады. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2018 жылы 10949 адамға республикалық бюджеттен 516 млн теңге төленді. Ал он екі мүшесі сау, қолынан іс келетін адамдар мемлекетке масыл болмай, кәсіби біліктіліктерін жаңартуға мүмкіндік алды.  

Серік Қамидолла, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

- Отбасындағы еңбекке қабілетті адамдарды оқытып, оны ары қарай тұрақты жұмысқа орналастыру арқылы оның отбасына 6 айға атаулы әлеуметтік көмек төлей отырып оларды осылай кедейшіліктен шығарамыз. Шартсыз дегеніміз ол отбасында әке де, ана да еңбекке жарамсыз болған жағдайда ол отбасылардың табысы күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда, кедңйшілік деңгейінен төмен болған жағдайда атаулы әлеуемттік көмек, 3 ай сайын яғни тоқсан сайын төленіп отырады.

Өңірде қазір көпбалалы отбасыларға қатысты өте тиімді «Іскер ана» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобаға сәйкес 4 балаға дейін тәрбиелеп отырған аналар 13 мамандық бойынша тегін оқып, соңынан жұмыспен қамтылады.

Салтанат Иманова, қала тұрғыны:

- Төрт балам бар, көп балалы аналарға жатамын. Яғни мамандық  есепші-бухгалтер  болғым келеді, құжат тапсырып қойдым. Бұйыртса, алдағы айда басталады деп отыр, бір ай оқып, курсымды бітіріп, бұйыртса  жұмысқа орналасам деген мақсаттамын. Осылай көмек беріліп жатыр екен, тегін оқытамыз деп жатыр екен  сол бойынша маған звондап мені шақыртты сол бойынша тапсырып жатырмын документ.

Әйгерім Досқалиева, «Азаматтық орталық» КММ директоры:

- Міне осы бес күн ішінде бізге 100-дің үстінде ана осы оқуға тапсыруға ниет білдірген болатын. Жалпы  оқудың мерзімі бір аптадан бастап бір айға дейінгі аралықта. Оқуды аяқтай салысымен біздер әр-түрлі  тренингтер қойып жатырмыз, психологиялық тренингтер, смм бағытындағы сабақтар және де маркетинкге қатысты сабақтар және де кәсіпкерліктің бастауына қатысты тренингтеріміз бар.

«Іскер ана» жобасының артықшылығы да бар. Оқыту курстарын ең жақсы меңгерген аналарға шағын бизнес ашуға бастапқы гранттар да қарастырылған. Кешенді жоспар бойынша биыл атаулы әлеуемттік көмек 10 мың 500 адамға беріледі. Бұл үшін республикалық және облыстық бюджеттен 677 млн теңге қарастырылған.  Оған қоса әлеуметтік, қоғамдық жұмыс орындары мен кәсіби оқыту шаралары қолға алынады. 

Авторлары: Бекен Әлирахым, Темірлан Сұлтанғазы, Жандос Рахметулин

Хабар 24 телеарнасы