422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мүгедек балаларды бағып отырған аналардың басым бөлігі жұмысқа шыға алмайды

  • 2038
  • UPD: 15:35, 28.02.2019

Мүгедек баланы асырап отырған ата-аналарға төленетін жәрдемақы шілде айынан бастап 30 процентке өседі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кезекті 18-съезінде мәлімдегені белгілі. Ақжолтай жаңалықты қарағандылық аналар зор қуанышпен қабылдады.

Ақмарал Көкішеваның тұңғышы мүгедек боп туған. Жұлынына зақым келген 8 жасар Жанайымға кейін дәрігерлер тағы бірнеше диагноз қойды. Оны емдету үшін ай сайын қыруар қаржы керек. Ал жалғыз басты анаға бұл ауыр соғып отыр. Сондықтан жәрдемақының өскенін ол зор қуанышпен қабылдады.

Ақмарал Көкішева, қала тұрғыны:

- Тосып отырмыз соны, қуанып отырмыз. Өте үлкен көмек болды. Өйткені бір балада бірнеше ауру бар. Бір диагноз ғана емес, ол диагноздлың артында бірнеше диагноз бар. Каждый диагнозды емдеуге қаншама ақша керек, өзі дәрінің бағасы қаншама тұрады. Ал лечение тем более қымбат.

Бүгінде Қарағандыда мүгедек балаларға көмек көрсететін жекеменшік жалғыз орталық бар. Мұнда 50 бала тұрақты келіп тұрады. Ал көпшілігі ата-ананың қарауында. Сондықтан жәрдемақының өсуі мұқтаж аналарға үлкен көмек болғалы тұр. 

Татьяна Кравченко, «Лучик надежды» мүгедек балаларға көмек көрсету орталығының директоры:

- Мүгедек баланы бағып-қағып отырған аналардың барлығы үйде отыр, жұмысқа шыға алмайды. Отбасында тек әкелері еңбек етеді. Ал бір адамның табысын барлығына жеткізу мүмкін емес. Сондықтан жәрдемақының 30 процентке ұлғаюы жақсы көмек.

Айта кету керек, қазір Қарағанды облысында шамамен 5 мыңға жуық адам жәрдемақы алады. Қазір олар 31183 теңге ақша алса, шілде айынан бастап 30  пайызға өседі.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин

Хабар 24 телеарнасы