378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мейірбикенің жалақысы 100 мыңға дейін өседі - Елжан Біртанов

  • 274
  • UPD: 16:05, 28.02.2019
Мейірбикенің жалақысы 100 мыңға дейін өседі - Елжан Біртанов uralpolit.ru

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медицина саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын 30% көтеруге қатысты есеп-қисапты жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, ағымдағы жылы 1 шілдеден бастап жалақысы төмен барлық медбикелер және кіші медициналық персоналдың жалақысы 30% өседі. «Мысалы, мейірбикенің орташа жалақысы 76 мыңнан 100 мыңға дейін көтеріледі. Ал кіші медициналық персоналдың айлығы 48 мыңнан 64 мыңға артады. Оған қоса, жоғары сұранысқа ие мамандықтар бойынша дәрігерлердің жалақысы да ұлғаятын болады. Жалпы, 225 мыңнан астам медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі. Осыған орай, 2019 жылы республикалық бюджеттен 37,6 миллиард теңге, ал 2020 жылдан бастап 78,7 миллиард теңге бөлінеді», - деді Е.Біртанов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетейік, кеше Nur Otan партиясының XVIII сьезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев төмен жалақы алатын бюджеттік сала қызметкерлерінің айлығын 30% көтеруді тапсырды. Бұдан бөлек, әкімдік қызметкерлерінің жалақысы 25% көтеріледі. Осы мақсатта 1 триллионға жуық қаржы бөлінеді.

Хабар 24 телеарнасы