375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сапарбаев көп балалы отбасыларға қандай көмек көрсетілетінін айтты

  • 392
  • UPD: 17:19, 28.02.2019
Сапарбаев көп балалы отбасыларға қандай көмек көрсетілетінін айтты Total.kz

Аз қамтылған және көп балалы отбасындағы әр балаға 20 мың теңге беру туралы тапсырма наурызда Парламентте қаралады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қаладағы және ауылдардағы көпбалалы отбасыларға қандай көмек көрсетілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрдің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек 14 849 теңгеден 20 789 теңгеге дейін көтеріледі.

Сондай-ақ министрдің сөзіне қарағанда, аз қамтылған отбасынан шыққан балалар 18 жасқа толғанға дейін және оқу оқыған жағдайда 23 жасқа дейін оларға ай сайын кепілді көмек ретінде 20 789 теңге беріледі. Бұл қазіргі уақытта беріліп жатқан төлемді орташа есеппен 40% дейін жоғарылатады.

«Осыған дейін бұл төлемді 571 мың бала алып отырса, қазір оны 830 мыңнан аса адам алып отыр. Наурызда заңнамалық өзгерістер енгізіліп, ол Республикалық бюджеттік комиссияда қаралады», - деді министр.

Сондай-ақ, Сапарбаев мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға да көмек берілетінін айтып өтті.

«Жәрдемақыны 31,1 мың теңгеден 41,6 мың теңгеге өсіреміз. Мүгедек баланың күтіміне және 18 жастан асқан бірінші топтағы мүгедек балаларды асырап отырған 100 мың адамға берілетін жәрдемақы өседі», - - деді министр.

Хабар 24 телеарнасы