378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда перзентхана карантинге жабылды

  • 189
  • UPD: 23:08, 28.02.2019
Петропавлда перзентхана карантинге жабылды

Петропавлда қызылшаның көптеп таралып кетуіне байланысты перзентхана карантинге жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай алдағы 3 аптада серіктесіп босануға тыйым салынған. Өңірде соңғы бір аптада бірден 37 адам жұқпалы ауруға шалдыққан. Олардың арасында жүкті әйел де бар. Қазір науқас бөлек бөлмеде, дәрігерлердің бақылауында. Ауру белгілері оқу ордаларында да байқалды. Соңғы рет ол қаладағы №17 ұлттық өркендеу орта-мектеп кешенінде тіркелді. Оқушы ауруханаға жатып шыққан.

Марина Клясен, қалалық №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің медбикесі:

- Қызылшаға қарсы екпе алмаған оқушылар бар. Вакцина болмай тұр. Күтіп отырмыз. Ал ауырып қалған бала мен оның сыныптастары түгел алды.

Ғалия Ілиясова, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Қаулыға сәйкес Петропавлдағы №43 және Ақжар ауданындағы бір мектепте профилактикалық шаралар жүргізіліп жатыр. Бұл оқу ордаларында ересек адамдар ауырып қалды.

Хабар 24 телеарнасы