378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Саясаттанушы: Әлеуметтік бастамалардың экономикалық тиімділігі зор

  • 220
  • UPD: 23:08, 28.02.2019
Саясаттанушы: Әлеуметтік бастамалардың экономикалық тиімділігі зор

«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының съезінде көтерген бастамалары мемлекеттің ауқымды әлеуметтік бетбұрысын көрсетеді», – дейді сарапшылар.

Бюджет шығынының 45 пайызының әлеуметтік салаға бағытталуы – бұл дамыған батыс елдеріне тән тәжірибе. «Атап айтқанда, көпбалалы отбасындағы әр балаға 21 мың теңгеден жәрдемақы беру – батыл қадам», – дейді саясаттанушылар. Қоғамның әлсіз тобының әлеуетін көтеру – ел экономикасының артуына да сеп болмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәурен Бабамұрат, саясаттанушы:

- Ірі қалаларда қосымша 50 млрд теңгеден бөлінетіндігін айтты. Оның үстіне 40 мың арендалық пәтер салынады. Оған қосымша тағы да көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сатып алуға 2-3 пайыздық несие беретін болсақ, бұл құрылыс саласындағы үлкен дүмпу болады деген сөз. Бұл сөзсіз біздің экономиканы тағы да ілгері жылжытып, ішкі жалпы өнімнің әжептеуір өсімге алып келетіні қазіргі таңнан-ақ болжанып тұр.

Хабар 24 телеарнасы