375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғарыш байланысындағы әлеуетіміз қандай?

  • 312
  • UPD: 21:50, 03.03.2019
Ғарыш байланысындағы әлеуетіміз қандай?

Ғарыштағы қазақстандық жерсеріктердің байланыс қызметі халықаралық нарыққа шығады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің байланыс саласын бағындыруға басымдық беріледі. Қазірдің өзінде Қырғызстанның кейбір байланыс операторлары біздің жерсеріктің қызметін пайдалануда. Ал Өзбекстан тарабымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, ғарышта Қазақстанның KazSat-2 және KazSat-3 деген атаумен екі жерсерігі үздіксіз жұмыс істеп тұр. Спутниктер Ақмола облысындағы «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығынан және Алматыдағы «Көктерек» резервтік орталығынан басқарылады. Бүгінде олар байланыс саласындағы қазақстандық 21 компанияға қызмет ұсынады. Осының арқасында өткен жылы KazSat-2 жерсерігі 2,1 миллиард теңге табыс әкелді. Ал KazSat-3 спутнигі 3,3 миллиард теңге пайда тапқан. Биыл республикалық ғарыштық байланыс орталығының мамандары қызмет көрсету аясын кеңейтіп, кіріс көлемін арттыруға ниетті. Ал 2023 жылы ғарыштағы KazSat-2 жерсерігін KazSat-2R жерсерігімен ауыстыру жоспарланған. 

Дидар Зарқұмов, «РҒБО» АҚ жетекші инженері:

- Ғарыш аппараттарымыз бүкіл Қазақстан аумағын және сонымен қатар көршілес Орталық Азия мемлекеттерін қамтуда. Кез келген оператор өзінің антеннасын апарып, таудың ортасынан болсын, кез келген аймаққа қойып, біздің спутникке қаратып, кез келген байланыс түрін қамтамасыз ете алады. Қазіргі кезде Қырғызстан көп қолданады. Біздің оператор арқылы олар өздерінің антенналық жүйелерін қояды да, сол арқылы біздің ғарыштық аппараттармен жұмыс істеуде.

Хабар 24 телеарнасы