378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада ғылым мен өнер саласының үздіктері марапатталды

  • 249
  • UPD: 23:05, 28.02.2019

Бүгін елордада ғылым, мәдениет пен өнер саласында еңбегі еленіп, биік белестерді бағындырған жастар марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отандық жаратылыстану, гуманитарлық, техникалық ғылымдарды дамытуға елеулі үлес қосып жүрген қыз-жігіттер Парламент Сенатының депутаттары мен қоғам қайраткерлерінің қолынан грамота алды. Дәстүрлі байқауға биыл 20-ға жуық талапшыл жас музыка, театр, кинематография, көркем әдебиет, журналистика, физика мен математика және инженерия бағыттары бойынша қатысты.

Айта кетейік, Тұңғыш Президент қорында өткен салтанатты шара осымен 10 жылдан астам уақыт бойы ұйымдастырылып келеді.

Ержан Танаев, заманауи сурет салу өнерінің шебері:

- Біз «Тиграхаут Крью» арт тобы атынан 2 жігіт – Ержан Танаев пен Аққали Зәкіров екеуміз осы өнер саласынан беріп отырмыз. Біздің істеп отқан ісіміз – зәулім үйлердің қабырғаларына сурет салу. 3-4 жыл бұрын Талдықорғаннан бастадық, Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе деген сияқты қалаларда бар.

Хабар 24 телеарнасы