375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Канадалық маман сырбойылық оқытушыларға ағылшын тілін үйретіп жүр

  • 332
  • UPD: 23:05, 28.02.2019

«Үштілділікті оқу процесіне енгізу үшін алдымен педагогтарды дайындап алу керек» деген Елбасы ұсынысы сырбойылық ұстаздардың ойынан шығып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Сондай-ақ физика, математика, биология, химия және информатикадан ағылшын тілінде сабақ беруге қабілетті мұғалімдердің қысқа емес, толық курстан өткізілуі құптарлық жайт екендігін айтады. Ал Мемлекет басшысының шетелдік мамандарды шақыртып, жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда тәжірибе алмасу жөніндегі тапсырмасына өңір педагогтары шұғыл кірісіп кеткен.

Мұғалімдерге арналған бірнеше әдістемелік кешендердің авторы Мейвис Куок бүгінде Назарбаев зияткерлік мектебінің арнайы шақыртуымен сырбойылық оқушы-оқытушыларға ағылшын тілін үйретіп жүр. Канадалық маман бәсекеге қабілетті буын тәрбиелеуде оңтайлы методика және қосымша интеллектуалды әлеует керектігін айтады.

Мейвис Куок, канадалық оқытушы:

- 3 айда сіз күнделікті ауызекі ағылшын тілінде сөйлеп кетуіңіз мүмкін. Ал сабақ беретін деңгейге жету қиындау. Жеке пәндер терминологиясын қалыптастыру керек. Қазақстан жаңа оқу әдістерін енгізіп жатыр. Негізі әлемдік тәжірибеде тілдік білім реформалары 40 жылда нәтижесін береді. Бірақ қазір Қазақстанда ынтасы жоғары мұғалімдердің ортасы қалыптасып келе жатыр. Сондықтан жаңа бағдарламалардың жемісін ертерек көруге болады.

Элеонора Сағатқызы биология пәні бойынша жоғары сынып оқушыларына ағылшын тілінде сабақ беріп жүр. «Ұстаз-LINE» 6 айлық курсынан өткен мұғалім «В1,В2, С1» сертфикатын алған. «Талап үдесінен шығу үшін үздіксіз ізденіс пен білім жетілдіру үнемі қажет», – дейді жаңашыл педагог.  

Элеонора Түкібаева, Биология пәнінің мұғалімі:

- Бірінші күндері қиын болды. Неше жыл бойы ағылшын кітаптарын ашпаған соң біраз нәрсені ұмытып қаласың ғой. Күнде дайындалу керек.

Халықаралық қатынас тілдері арқылы біз қазақ жерінің барлық ғаламатын ғаламға таныстырамыз және шет мемлекеттермен экономикалық байланысты дамытамыз. Осыны ескерсек, үштілділік үдерісі жаңа заманның сұранысы.

Авторлары: Қамбар Бекенов, Қанат Еңсебаев, Руслан Айтмамбетов

Хабар 24 телеарнасы