378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістанда жарық пен газ мәселесі шешіледі

  • 204
  • UPD: 23:03, 28.02.2019
Түркістанда жарық пен газ мәселесі шешіледі

Халықты таза ауызсумен қамтуға және жаппай газдандыру жұмыстарына басымдық беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елді мекендерге су тарту және көгілдір отынмен қамту үшін қосымша 140 млрд теңге қаржы қарастырылып отыр. Мұндай жағымды жаңалықты Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің доктаранты Марал Иса да қуана қабылдады. Өйткені рухани шаһар күннен-күнге кеңейіп, халық саны артып келе жатқанын айтады. «Қалада ауқымды құрылыс жүріп жатқандықтан, коммуналдық салаға қажеттіліктің артатыны белгілі», – дейді.

Марал Иса, Қ.А.Ясауи атындағы ҚТХУ докторанты:

- Ең қонымдысы, Елбасымыздың газ және жарықпен қамтуға 140 млрд ақша бөлетіндігі деп айтсам болады. Осы біздің Түркістан қазір облыс орталығы болып, түрленіп, кеңейіп жатыр. Жан-жақтан қызметкерлер келіп жатыр. Түркістан түлеп, мегаполистке айналып жатқан кезде халқымыздың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу көңілге өте қонымды.

Хабар 24 телеарнасы