378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордалық жастар Алғыс айту күніне орай event-жоба бастады

  • 267
  • UPD: 23:03, 28.02.2019
Елордалық жастар Алғыс айту күніне орай event-жоба бастады

Астанада Алғыс айту күніне арналған мерекелік шаралар басталып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы және этномәдени бірлестік өкілдері «Қазақ еліне мың алғыс!» монументіне гүл шоқтарын қойды. Аталған ескерткіш былтыр орнатылған еді. Ол қуғын-сүргін жылдары Қазақстанға жер аударған өзге ұлт өкілдерін бауырына басқан қазақ халқының мейірімділігін бейнелейді. Мұндай монумент еліміздің өзге де аймақтарында бар. Алғыс айту күні Президент пәрменімен 2016 жылдан бері аталып өтілуде. Биыл осы күнге орай республика бойынша 1500-ден аса мәдени шара ұйымдастырылмақ.

Максим Споткай, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы:

- Қазір біз жастар тарапынан Алғыс айту күні қарсаңында үлкен event-жоба-мызды бастаймыз. Ол – әлеуметтік желілерде болатын event-жоба. Әр қазақстандық «Фэйсбук» пен «Инстаграмм» қолданушылары осы акциямызды қолдап, Алғыс айту күніне орай алғыс айту үшін ерекше постарды жариялайды және аватаркаларды ауыстарды.

Хабар 24 телеарнасы