377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда әділ соттың электронды жүйесі таныстырылды

  • 320
  • UPD: 23:03, 28.02.2019

Халықаралық сот ісін жүргізу ісінде жаңа технологиялар енгізіле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы соты мен Халықаралық төрелік орталығының өкілдері Алматыда E-Justice деп аталатын жаңа технологиялық тұғырнамасын таныстырды. «Бұл – электронды жүйе  коммерциялық даулардың құжат айналымы мен талаптарын   реттеуде ыңғайлы, бірегей жоба», – дейді сарапшылар.

E-Justice электронды сот жүйесі «Астана» халықаралық қаржы  орталығы соты мен Халықаралық төрелік орталығы үшін арнайы дайындалған. Портал құжаттармен жұмыс жасауды реттейді. Атап айтқанда, өтініш-шағымдар қабылданып, оның одан әрі төрелік сотта қалай қаралып жатқанын онлайн арқылы бақылауға болады.

Кристофер Кэмпбелл-Холт, АХҚО соты мен Халықаралық төрелік орталығының жетекшісі: 

- Біздің негізгі мақсатымыз – «Астана» халықаралық қаржы орталығының әлемге инвестиция тарту үшін ашық екенін жеткізу. Сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығы соты мен Халықаралық төрелік орталығы инвесторлардың құқығын қорғауға әрдайым дайын.

Бағдарлама аз уақытта дайындалды. 4 айдың ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы соты мен Халықаралық төрелік орталығы сингапурлық Crimson Logic IT-провайдерлермен бірлесіп халықаралық талаптарға сай электронды тұғырнамасын жасап шығарған. Енді коммерциялық даулар мен түсініспеушіліктерді шешу үшін компаниялар бар болғаны онлайн жүйе арқылы тіркеліп, шағымдарын төрелік соттың қарауына жібере алады. Ол уақыт пен қаржыны үнемдейді. 

Со Кен Йи, Crimsonlogic компаниясының бас директоры (Сингапур):

- Бұл, біріншіден, барлық құжаттарды цифрлық форматқа көшіруге мүмкіндік береді. Мұнда ең маңыздысы – ақпарат қауіпсіздігі. Оған қажет мамандар жеткілікті. Енді біз «Астана» халықаралық қаржы орталығында компанияның өкілдігін ашуға дайынбыз.

Сарапшылар қазіргі таңда көрсетілетін қызмет түрлерін сараптап, жүйені қолданушылардың ұсыныс-пікірлеріне  сәйкес оның ауқымын кеңейтіп отыратындарын айтады. 

Авторлары: Алуа Маханбет, Владимир Бовкис, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы