378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақ жұрты бізге үлкен қолдау көрсетті – өзге ұлт өкілдері

  • 217
  • UPD: 08:29, 01.03.2019
Қазақ жұрты бізге үлкен қолдау көрсетті – өзге ұлт өкілдері

Өткен XX ғасырда Қазақстанға бір жарым миллионнан астам өзге ұлт өкілі күштеп көшірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек 1937 жылы Солтүстік Қазақстанға 27 мыңға жуық поляк халқы жер аударылыпты. Олардың басым бөлігі қазіргі Тайынша ауданына қоныстанды. Нәтижесінде 31 ауыл арнайы құрылды. Сол бір қиын қыстау кезеңде көңілі кең қазақ елі түрлі ұлт өкілдерін құшағына алып, бауырына басты. Мәдениетін дәріптеп, әдет-ғұрпын сақтауға барлық жағдай жасалды. Көсегесі қазақ елімен бірге көгерген азаматтар осы үшін алғыстарын білдіріп отыр.

Валентина Корнева, облыстық «Коперник» поляк мәдени орталығының өкілі:

- Сол бір қиын кезде қазақ жұрты бізге үлкен қолдау көрсетті. Сол үшін біз үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Қазір біздің облыста 13 мыңнан астам поляк халқы тұрып жатыр. Дәстүрімізді дәріптеп, тілімізді үйренуге барлық жағдай жасалған. Тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Бұл біз үшін басты құндылық.

Хабар 24 телеарнасы