378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда агрохимиялық форум өтті

  • 276
  • UPD: 09:18, 01.03.2019
Таразда агрохимиялық форум өтті

Еліміздің агро саласында жылына 2 жарым миллион тонна минералды тыңайтқыш пайдаланылуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір бұл көрсеткіш тым төмен болып отыр. Бұл жөнінде Таразда өткен Азияның VII агрохимиялық форум кезінде айтылды. Мәселен, Жамбыл өңіріндегі жылына 500 мың тонна минералды тыңайтқыш өндіретін зауыт өнімінің 80% экспортқа жөнелтіліп жатыр. Тек мардымсыз бөлігі ғана ішкі нарықта қалады. «Бұл ауылшаруашылығы тауарларының өнімділігіне тікелей әсер етеді», - дейді мамандар. Дегенмен, 2017 жылға қарағанда ел аймақтарында минералды тыңайтқыштарды қолдану көрсеткіші 15% артқан.

Айта кеткен жөн, халықаралық шараға еліміздің және шетелдің ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен агрохимия саласының мамандары қатысты.

Мұқаш Ескендіров, Қазақстанның Еңбек ері:

- Ғылыми зерттеу институттары. Жаңағы жердің құнарлылығымен, агрохимиямен айналысатын Украинадан, Ресей Федерациясынан, Германиядан, өзіміздің Қазақстаннан барлық мамандар қатысып жатыр. Көктемгі ауылшаруашылығы жұмыстарының алдында менің ойымша, бұл өте пайдалы да өзіміздің ауылшаруашылығында істеп жүрген тауар өндірушілерге дұрыс бағыт көрсетеді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы