378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі балалар үйінде тәрбиеленушілер азайып келеді

  • 216
  • UPD: 10:20, 01.03.2019
Еліміздегі балалар үйінде тәрбиеленушілер азайып келеді

Еліміздегі балалар үйінде тәрбиеленушілер саны жыл сайын мың балаға азайып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 27 қоғамдық ұйым жабылды. «Бұл балаларды өзге жанұяларға орналастыру және ата-анасына қосу жұмыстарының жемісі», - дейді Білім және ғылым министрлігінің өкілі Ержан Ерсаинов. Бүгін Алматыда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жоғары білім беру, жұмысқа орналастыру және баспанамен қамту мәселелерін талқылаған жиын өтті. Елімізде жыл сайын мемлекеттік бағдарламамен берілетін пәтерлердің 20% балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тиесілі. Дегенмен, ол жеткіліксіз. Көптеген жасөспірімдер кәмелетке толып, балалар үйінен шыққан соң баспанасыз, не жұмыссыз тығырыққа тірелетіні шындық. Мемлекет олардың да мәселесін шешуге бар мүмкіндіктерді қарастыруда. Жиын барасында балалар үйі тәрбиеленушілері арасында республикалық фестиваль ұйымдастырылып, ұлттардың тарихы мен мәдениеті туралы көрме болды.

Ержан Ерсаинов, ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары:

- Мемлекет жағынан оларға біраз көмектер көрсетіледі. Оларға жоғары оқу орындарына квота беріледі. Орта кәсіптік оқу орындарына көмек көрсетіледі. Жатақханамен және жастар үйлері сондай мекемелер ұйымдастырылған. Сонда олар 23 жасқа дейін тұра алады.

Хабар 24 телеарнасы