375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тараздағы жарылған пәтерлердің біразы ипотекамен алынған

  • 237
  • UPD: 10:34, 01.03.2019
Тараздағы жарылған пәтерлердің біразы ипотекамен алынған

Тараздағы жарылыстан баспанасыз қалғандардың біразының пәтерлері ипотекаға алынған болып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі күні жергілікті әкімдікке жағдайды айтып 6 адам көмек сұраған. Қазір бұл мәселе жан-жақты қаралып жатыр. Сондай-ақ оқиға болғанға дейін дәл осы көпқабатты үйді келісімшарт бойынша «Тұрғын үйді жаңғырту» бағдарламасымен жөндеу жұмыстары басталып кеткен көрінеді. Енді болған жағдай ескеріліп, төлемдерге қатысты жеңілдіктер жасалып-жасалмауы заң аясында қарастырылмақ.

Бекболат Орынбеков, облыс әкімінің бірінші орынбасары:

- Үйіміз осындай жағдайда болғаннан кейін ипотекаға байланысты мемлекет тарапынан қандай шаралар, көмек беріле ме деп сұрадық. Оны біз Ұлттық банк өкілдерімен кездесе отырып, нақты жауабын беретін боламыз. Екінші мәселе, облыс әкімімен келісе отырып, заң аясында толық жауап беріледі.

Хабар 24 телеарнасы