378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда Алғыс айту күні облыс көлемінде тойланып жатыр

  • 301
  • UPD: 12:37, 01.03.2019

Осы сәтте Ақтаудағы мәдени-демалыс кешендері, әскери бөлімдер мен әлеуметтік нысандарда концерттік бағдарламалар мен қайырымдылық шаралары өтіп жатыр.

Негізгі бағдарлама түстен кейін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мереке аясында қала халқы аз қамтылған көпбалалы отбасыларға қаражат жиып беруді жоспарлап отыр екен. Бүгінгі таңда қанша отбасы көмекке мұқтаж?

Ақтауда дәл қазіргі сәтте Алғыс айту күні облыс көлемінде аталып жатыр.

Ынтымағы жарасқан түрлі ұлт өкілдері әлеуметтік және мәдени кешендерде концерттік бағдарламалар ұйымдастырып жатыр. Ұйымдастырушылар алқасының құрамында түрлі мекеме-кәсіпорын өкілдері мен іскер азаматтар да бар. Жыл басынан бері облыс әкімінің тапсырмасымен өткен қайырымдылық шаралары бір мыңнан астам мұқтаж жанұяны қамтыған болатын. Күні кеше қазақстандықтардың тұрмыстық әлеуетін көтеруге нақты тапсырма берген Елбасы сөзін дәл сол кешенде болған көпшілікпен бірге маңғыстаулықтар да тыңдады. Делегация қатарында болған өңірлік Ассамблея өкілдері түстен кейін Ақтауда тағы бір маңызды шара өткізуді жоспарлап отыр. Қазір менің жанымда татар ұлттық мәдени орталығының төрағасы Фандаль Сахибгареев тұр.

Фандаль Сахибгареев, Татар ұлттық мәдени орталығының төрағасы:

Ассалаумағалейкүм, қазақ елі! Баршаңызды Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Маңызды шара қазір біз алдында тұрған Ассамблея сарайында өтеді. Қайырымдылық кештің тақырыбы - «Мейірім, Бірлік, Алғыс». Бұл шараға аймақ әкімдігі, Ассамблея мүшелері, меценат компаниялар мен кәсіпкер азаматтар қатысады деп күтіп отырмыз. Сахна шетіне арнайы жәшік қойылады. Оған шара аясында қаражат салынады деп жоспарлап отырмыз. Ол қаржы аз қамтылған отбасыларға берілетін болады. Жоғарыда сіз айтып өткен қайырымдылық шараларға Ассамблея өкілдері де қатысты. Осылайша, көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп, олардың алғысын алып жатыр. Бұл шаралар жыл бойына жалғаса беретініне сенемін. Жалпы бүгінгі мереке Қазақстанды ортақ үйім деп білетін ұлт өкілдерінің бауырмал қазақ халқына Алғыс айту күні. Ылайым бірлігіміз жараса берсін.

Алғыс айту күні өңірлік Ассамблея құрамында түрлі ұлт жастары таңсәріден қала тазалығына жауапты мекеме қызметкерлеріне ыстық шай мен таңғы ас таратып, олардың қызметіне алғыс айтты. Мұнан соң олар Ақтауда және оған іргелес қонған елді мекендерде тұратын аз қамтылған көп балалы отбасыларға азық-түлік апармақ.

Хабар 24 телеарнасы