378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-ның Абай ауданында жастар кәсіпкерлігі дамып келеді

  • 411
  • UPD: 14:12, 01.03.2019

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында жастар кәсіпкерлігі дамып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтыр 9 жоба «Жас прожект» бағдарламасы бойынша мақұлданып, жүзеге асқан. Биыл да түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несие алып, кәсіп меңгеруді жоспарлаған қыз-жігіттер аз емес. Кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары «Ел ертеңі жастар» деп аталатын форумда талқыға түсті. Осы ауданда туып-өсіп, қазір еліміздің түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етіп, әр салада жетістікке жеткен белсенді азаматтар да жиынға арнайы шақырылып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Өнерде, спортта, білімде топ жарған бірқатар абайлықтар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Серікжан Сағымбеков, жас кәсіпкер:

- Адамды қызықтырады ғой, жай ғана «жұмыртқа сату бизнесі» дегенге қарағанда, «Алтын жұмыртқа» десе, «мынау қандай жұмыртқа өзі, барып көрейікші» деген қызығушылық туады деген оймен бастап көргенбіз. Халықтың көзқарасы өте жақсы, бұл бизнестің болашағы бар. Тауық сандарын 500, 1000-ға дейін апарып, үлкен бір фабрика ашсақ деген мақсат бар.

Жарқынбек Байсабыров, Абай ауданының әкімі:

- «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 31 жас азамат келген екен. Соның 12-сіне қазіргі уақытта үй алып бердік. Олар қазір білім, мәдениет саласында, спорт саласында, барлық салаларда жұмыс жасап жатыр. Биыл да сол үрдісті жалғастырсақ деп есептеп отырмыз. Және де біздің аудан мал шаруашылығы ғой, сол малмен айналысамыз деген бірталай азаматтар бар. Көбі қазіргі уақытта үйлерінде малдарды бордақылап, жұмыс істеп отырғандар бар. Соларға мемлекет тарапынан бөлініп жатқан жеңілдетілген несиелерді бағыттап солай жұмыс жасап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы