375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда Жастар жылы аясында өнерлі өрендерді қолдау шаралар басталды

  • 262
  • UPD: 14:19, 01.03.2019

Оралда жастар жылы аясында өнерлі өрендерді қолдауға арналған шаралар басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ретте мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты аула клубтарының рөлі зор. Мәселен «Бәйтерек» аула клубына келетін 100 шақты бала ән, би, қолөнер, шахмат пен дойбы секілді бірнеше бағытты қамтитын үйірмелерге тегін қатысады. Ай сайын өтетін есептік концерттер өнерге бейімі бар балалардың қабілет-қарымын ұштауға мүмкіндік береді. Әрі оқушылар арасындағы түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алып, олардың бос уақыттарын пайдалы іске жұмсауына жол ашады,- дейді сала мамандары. Қазір қала бойынша жұмыс істеп тұрған 18 аула клубына 2 мыңдай жеткіншек барып жүр.

Ләззәт Қасымова,  «Бәйтерек» аула клубының жетекшісі:

- Әрине аула клубтарының балалардың жат қылықтардан аулақ болуға, жаман әдеттерден аулақ жүруіне көп септігі тиеді. Бізде қатысатын көптеген оқушыларымыздың олардың арасында ер балалар да бар, міне олардың өнеріне қарап, осылай жақсы жолға түскендеріне қарап біз қуанамыз, марқаямыз.

Медет Мерғалиев, қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің директоры:

- 18 клубтың барлығы жыл бойына бір-бірден осындай жақсы концерттерін береді. Және де әр топқа қатысатын балалар толық мүмкіндіктерін, яғни осыған дейін үйренген одан кейін де үйренер барлық өнерлерін осындай үлкен сахналарда көрсетеді. Қазіргі таңда шыны керек әрбір шағынаудандарында аула клубтарын ашу бағытында жұмыстанып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы