389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да су тасқынына қарсы дайындық пысықталды

  • 492
  • UPD: 14:31, 01.03.2019
ШҚО-да су тасқынына қарсы дайындық пысықталды

Соңғы бірнеше тәулікте Шығыс Қазақстан облысында күн райы күрт жылынды.

Сондықтан аймақтағы төтенше жағдай және коммуналдық мекемелер күшейтілген жұмыс кестесіне көшірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір өңірде қардың қатты еруінен өзен-көлдердегі судың деңгейі айтарлықтай көтерілген. Дегенмен, тасқын қаупі жоқ. Әрбір аудан мен қалада арнайы жұмыс тобы құрылды. Олар күн сайын өз аумақтары бойынша монитринг жүргізіп отырады. Арық-атыздар мен су ағарлар тазаланып жатыр. Өскемен қаласы бұл жұмыстарға биыл 60 миллион теңге бөлді. Дегенмен, биыл облысат қар қалың. Қаңтар айында 20 сантимерге жетті. Бірақ жер былтырғыдай қатты қатпаған. Сондықтан қатты жауын жаумаса, тасқын қаупі жоқ. Ал жалпы облыс бойынша қазір мыңнан аса маман мен 60-тан астам жүзу құралы дайын тұр.

Андрей Андрейко, қалалық ТЖ басқармасының басшысы:

- Су басуы мүмкін деген аумақтар алдын ала анықталды. Сол жерлерге азматтық қорғаныс күштерін жұмылдырып, тыңғылықты жұмыс істеп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы