Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Табысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын көтеруде ешкім елеусіз қалмайды

  • 340
  • UPD: 14:43, 01.03.2019
Табысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын көтеруде ешкім елеусіз қалмайды

Президент бастамасының әрбір азаматқа жүйелі жетуін еліміздің Кәсіподақтар федерациясы бақылауға алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты бүгін федерацияның атқару комитеті кезектен тыс кеңейтілген отырыс өткізіп, алдағы істердің бағытын айқындады. Сондай-ақ Президент бастамаларын қолдау туралы үндеу жолдады. Бүгінде кәсіподақ ұйымдарына  бюджет саласының миллионнан астам қызметкері мүше. Федерация олардың құқығын қорғап әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін жұмыс берушілермен түрлі келісімдер жасаспақ.

Бақытжан Әбдірайым, ҚР КФ төрағасы:

- Бірінші шілдеден бастап денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет саласында төмен жалақы алатын бюджеттік салада жұмыс істеп жатқан қызметкерлердің жалақысы 30%, кейбіреулерінде 25% көтеріледі. Ал енді оны отбасы кофицентіне шағатын болсақ, 2,5 миллионға жуық адамдардың отбасыларына тікелей әлеуметтік жағдайын көтеруге ықпал етеді. 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы көтерілді. Енді бірінші шілдеден бастап олардың жалақысы тағы да 30% көтеріледі. Сонда кейбір маманықтар бойынша бір жылда жалақы 50-70-100% дейін жалақы көтеріліп жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы