378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда 20-дан астам көп қабатты үй мен бірнеше әлеуметтік нысан сусыз қалды

  • 194
  • UPD: 14:49, 01.03.2019

Павлодар қаласында бүгін таңғы сағат 4:00-де жылу желілерінде ірі коммуналдық апат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір оның себебі анықталып, оқиға орнында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мамандардың болжамынша, облыс орталығындағы Толстой-Қамзин көшелеріні қиылысында ескі магистральді құбыр жарылған. Қазіргі уақытта нақты себебі белгісіз. Апат салдарынан 20 көп қабатты үйдің тұрғындары судан ажыратылды.

онымен қатар, ондаған үй жылусыз қалуы мүмкін. Қазіргі уақытта оқиға орнында жауапты мекеме мамандары тиісті шараларды қолға алған. Коммуналшылар жөндеу жұмыстарын кешке дейін аяқтауға уәде беріп, сумен қамту реттке келтіретінін айтты.

Хабар 24 телеарнасы