378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанға XX ғасырда 5,6 млн адам көшірілген

  • 195
  • UPD: 15:09, 01.03.2019
Қазақстанға XX ғасырда 5,6 млн адам көшірілген

Тағдыр тәлкегін бастан кешіріп, қазақ даласынан пана тапқан өзге ұлт өкілдері бүгін барша қазақ еліне алғыс айтуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің түкпір-түкпірінде жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған 1500-нан шара ұйымдастырылды. Бұл туралы Астанадағы арнайы баспасөз мәслихатында Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшысының орынбасары Виталий Тварионас мәлімдеді. Әсіресе, қайырымдылық акцияларының орны ерек. Бұл күндері мұқтаж жандарға 126 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Ахмет Мурадов, «Вайнах» шешен-ингуш қауымдастығы ҚБ тең төрағасы:

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері үнемі бірлік, ынтымақтастықты ту етеді. Барлығымыздың жүрегімізде қазақ халқына деген ыстық ықылас жатыр. Біздің осы елге алғысымыз шексіз. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн бүгінде ерекше мейрамға ұласқан. Біз бақытты елде ұрпақ өрбітіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы