378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кентаулықтар Алғыс айту күнін ерекше ықыласпен қарсы алды

  • 285
  • UPD: 15:23, 01.03.2019
Кентаулықтар Алғыс айту күнін ерекше ықыласпен қарсы алды

1 наурыз – Алғыс айту күнін Түркістан облысы Кентау ауданының тұрғындары да ерекше ықыласпен қарсы алып, мерекенің мерейін өсірді.

Өзге ұлт өкілдері мейрібан қазақ халқына алғыс айтып, түрлі мәдени шаралар ұйымдастырды, , деп хабарлайды «Хабар 24». Ауданда 30-дан аса ұлт пен ұлыс өкілі тату-тәтті тұрып жатыр.

Бүгін кентаулықтар таңмен таласа тұрып, қаладағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайына жиналды.

Көктемнің алғашқы күні, тіршіліктің бастауы болғандықтан халықтың көңіл күйі де тамаша. Жалып халықтық мерекеге айналған Алғыс айту күніне дайындықтың ерекше екенін аңғаруға болады.

Мәдениет сарайының фойесінде тақырыпқа сай кітаптар мен қолөнер көрмесі ұйымдасытрылды. Қонақтарды ұлттық киімдегі түрлі ұлт өкілдерінен құралған жастар қарсы алды. Мерекелік шара «Алғысым саған елім» атты театрландырылған қойылыммен ашылды. Онда қиын қыстау кезеңде қазақ даласына жер аударылған өзге ұлт өкілдерінің жай-күйі, мейірбан қазақ халқының оларды құшақ жая қарсы алуы ерекше көрініс тапты. Сондай-ақ өзге ұлт жастары «Алғысым шексіз саған – Қазақстан» ұранымен көркемсөзді нақышына келтіре оқыды. Қала әкімі Ғани Рысбеков халық арасындағы татулықтың нығаюына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды «Алғыс хатпен» марапаттады. Тарихтан сыр шертетін тағылымды әңгіме өрбітіп, бейбіт өмірдің бастауы – бірлікте екенін жеткізді. Одан кейін Кентау қаласында тұратын өзге ұлт өкілдері бір кездері өз ата-бабаларын кең пейіл қазақ халқының өз бауырындай қарсы алып, құшағына басқанын тебірене әңгімеледі. Бүгінгі мамыражай өмірге қазақ халқының бауырмалдығы мен дархандығының арқасында қол жеткізгендігін әрбір ұлт өкілі естен шығармауы керектігін жеткізді.

Наталья Попова, Славян этномәдени орталығының төрайымы:

Біз осы жерде туып-өстік. Өмір бойы қазақ халқымен бірге жасап келеміз. Бір ретте қазақ елі туралы жаман әңгіме естіген жоқпын. Тек бауырмалдығы мен қонақжайлылығын көрін, көпшілдігі мен меәірбандығын ғана көріп келемін. Сондықтан кең пейіл қазақ халқына тек алғыс қана айтамын. Татулық, бірлігіміз нығая түссін, еліміз аман, жеріміз көркейе берсін.

Хашим Әбдуалиев, Өзбек этномәдени орталығының төрағасы:

- Біз өзге ұлттардың Қазақстанға келіп, қоныстанғанын, қазақ халқының шапағатын көргенін білеміз. 70-ке жуық ұлт Кентауға келіп, бір-бірімен көрші боп, қазақ халқы жер беріп, төрінен орын беріп, осыншама керемет қаланы құруға үлес қосып келген халықпыз. Бұл күнді барлығымыз мерекелей отырып, алғыс айтуымыз керек. Дами берсін, бірлік арта берсін.

Жалпы Кентау ауданында 30-дан аса ұлт өкілі тұрады. 5 этномәдени орталық жұмыс істейді. Ауданда өзге ұлт өкілдерінің тілі мен дінін, мәдениеті мен дәстүрін сақтап, кеңінен насихаттауға барлық жағдай жасалған. Сондықтан бүгін олар да кең пейіл қазақ халқына өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы