378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада 11 амбулаториялық емхана ашылмақ

  • 282
  • UPD: 15:28, 01.03.2019
Елордада 11 амбулаториялық емхана ашылмақ

Биыл Астана қаласы бойынша 93 медициналық ұйым жоспарлы медициналық көмек көрсетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 35-і мемлекеттік, қалғаны жекеменшік клиникалар. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елордалық филиалы осы ұйымдармен 87,5 млрд теңгенің келісімшартын жасасты. Енді уағдаластық негізінде емдеу мекемелері халыққа тегін медициналық көмек көрсетеді. Ал қызмет ақысын медициналық сақтандыру қоры төлейді.

Нұрлыбек Қабдықапаров, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ қалалық филиалының директоры:

- Сондай-ақ елордада биыл 11 амбулаториялық емхана ашу көзделіп отыр. Мұндай клиникалар тұрғын үйден 20 минут қашықтықта денсаулық сақтау мекемелері жоқ аудандарда бой көтереді. Емдеу нысандары жекенің қаражатына салынады. Айта кетейік, былтыр 8 амбулатория ашылған болатын. Нәтижесінде 7 млрд теңгеден аса қазына қаражаты үнемделді. 

Хабар 24 телеарнасы