375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Алғыс айту күні аясында қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті

  • 307
  • UPD: 16:27, 02.03.2019
Астанада Алғыс айту күні аясында қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті

Елордада Алғыс айту күні аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының мұрындық болуымен қолөнер бұйымдарының көрмесі мен ұлттық тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан түскен қаржы қоғамдық қорға аударылып, мұқтаж жандардың игілігіне жұмсалмақ.

Айта кетейік, былтыр Қарағандыда екі қабатты үй өртеніп, 8 отбасы баспанасыз қалған еді. Қайырымдылық қоры биыл күзге дейін тұрғын үйдің құрылысын бітіруге уәде беріп отыр.

Виктория Тень, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Қазақтар күштеп жер аударылған халықтың барлығына көмектесті. Менің аталарым Қиыр Шығыстан депортацияланған. Олар сол кезде қазақтардың қамқорлығының арқасында аман қалған еді. Жомарт жүректі, кеңпейіл халықтың мейірімін әлі көріп келеміз. Міне, көп болып бізге қолұшын беріп жатыр. Жаңа үйге кіретін күнде алыс емес деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы