389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында былтыр бюджеттен 20 млн теңге ұрланған

  • 752
  • UPD: 18:19, 01.03.2019

Ақмола облысында өткен жылы бюджет қаражатының 20 млн теңгесі қолды болған. Бұл «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» секілді бірнеше мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін бөлінген қаржының бір бөлігі.

Мемлекеттік кірістер департаменті, бұл былықтарды тұрғындар шағымы негізінде анықтап, барлық іс бойынша тергеу жұмыстары толық аяқталған. Алайда кінәлі тұлғалар айыппұлмен ғана құтылып кеткен.

Асхат Ысмайылов, Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы:

- Заң бойынша мұндай қылмыс үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бірақ кінәлі азаматтар шығынды толық өтеуіне байланысты аталған істерге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Хабар 24 телеарнасы