378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар сусыз қалды

  • 209
  • UPD: 17:32, 01.03.2019

Павлодар қаласында бүгін таңғы сағат 4-те жылу желілерінде ірі коммуналдық апат болды. Қазір оның себебі анықталып, оқиға орнында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мамандардың болжауынша, облыс орталығындағы Толстой-Қамзин көшелерінің қиылысында ескі магистральді құбыр жарылған. Апат салдарынан 20 көп қабатты үйдің тұрғындары судан ажыратылды. Сонымен қатар, ондаған үй жылусыз қалуы мүмкін. Қазір оқиға орнында жауапты мекеме мамандары тиісті шараларды қолға алған.

Ермұрат Нұрханов, қала әкімінің орынбасары:

- Апат салдарын жою мақсатында 30 арнайы техника құралы жұмылдырылған. Әзірге жақын маңдағы тұрғын үйлерді жылудан ажырату мәселесі қарастырылған жоқ. Бүгінгі кезде апаттың нақты себебі белгісіз. Осы аумақта ескі құбыр желісі бар. Кезінде қолданыстан шығып қалғандықтан, жерге көміліп тасталған.  Басқаша айтсақ, иесіз инфрақұрылым болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы