375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңаөзен халқы Алғыс айту күнін ізгі шаралармен атап өтті

  • 299
  • UPD: 20:40, 01.03.2019

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының халқы Алғыс айту күнін ізгі шаралармен атап өтті. Таң атпастан ерікті жастар жедел-жәрдем қызметкерлері мен қала тазалығына жауапты коммуналдық қызметтің жұмысшыларына ыстық тамақ пен шәй таратты.

Ал жомарт жандар аз қамтылған отбасыларға азық-түлік апарып, материалдық көмек берді. Жалпы, 1 апта бұрын басталған «Мейірімді жүрек»  қайырымдылық шарасы аясында 350 отбасыға қолдау көрсетілген.

Бүгін орталық саябақтың тазалығына жауапты мамандардың орнына қала жастары жұмысқа шықты. Олар қолдарына сыпырғы алып, саябақты қоқыстан тазартты. Осылайша қыстың ызғары мен жаздың аптап ыстығына қарамастан еңбек ететін жұмысшыларға алғыстарын жеткізді.

Әсел Шақанова, ерікті:

- Бүгін біз қаланың жастары болып тазалықшы апайларға көмектесіп жатырмыз. Өзіміздің де үлесімізді қосып жатырмыз қаланың тазалығына. Осымен тазалықшы апайлар бүгін жұмысқа шықпайды. Алғыс айту күніне орай біздің қаламызды таза ұстап жүргінене орай біздің алғысымыз шексіз оларға. Еңбектерінің жемісін әрқашанда көре берсін.

Коммуналдық қызметтің жұмысшылары мен жедел-жәрдем қызметкерлері күтпеген жерден  қошемет пен сыйлыққа ие болды. Студенттер, оқушылар мен жұмысшылардан құралған ерікті жастар 300 жұмысшыға алғыс айтып, азық-түлік сыйлады. Бұл бір апта бұрын басталған «Мейірімді жүрек» қайырымдылық шарасының бір бөлігі ғана. 7 күн ішінде 8 миллион 750 мың теңгеге мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді.

Ғани Құрманғалиев, Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығының директоры:  

- 350 отбасыға, соның ішінде мүгедек балалар асырап отырған, тұрмыс жағдайы төмен деген отбасыларға көмек көрсетілді. Бұл акцияға біздің қаламыздың кәсіпкерлері қолдау көрсетіліп отыр. Белді танымал тұлғалары бар. Және де қолұшын берем деген азаматтардың барлығы атсалысып жатыр.

Гүлмира Әбішева, тілші:

-Жаңаөзен – жастар қаласы. Халық саны жыл сайын 4 мыңға көбеюде. Бүгінде бұл қалада 151 мың адам тұрады. Табиғи өсімнің артуына орай, құрылыс жұмыстары қарқын алған.

Былтыр 3 мектеп пен 7 балабақша бой көтерді. 39 шақырым жол салынып, шағын аудандар іші абаттандырылды.

Сәбит Сейдалиев, Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары:

- Қала халқы барлық инженерлік желілермен 100 пайыз қамтылып отыр. Сумен қамту, электр энергиясымен, газбен қамту тұрақты түрде іске асырылуда. Өткен жылы қаланың ішінде тәулігіне  30 мың текше метр су тазартатын су тазарту кешенінің құрылысы аяқталып, іске қосылған болатын. Бұл қала халқын тұрақты түрде сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіншілік береді.

Алдағы жылдары ескі көп қабатты үйлердің мәселесі де толық шешілмек. Арнайы бағдарлама қабылданып, 23 жаңа үй салынып жатыр.  Тозығы жеткен тұрғындарының алғашқы бөлігі биыл күзде жаңа үйге көшіріліп, қоныс тойын тойламақ.

Авторлары: Гүлмира Әбішева, Саламат Бекбаев

Хабар 24 телеарнасы