378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жастармен атқарылатын жұмыстың басты бағыттарын анықтады

  • 322
  • UPD: 20:59, 01.03.2019

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жастармен жұмыс істеудің негізгі бағыттарын анықтады. Олар кейінгі буын өкілдерін сапалы біліммен қамтамасыз етуге және отбасылық құндылықтарды кеңІнен дәріптеуге басымдық бермек.

Бұл іске үкіметтік емес ұйымдарды жұмылдыру көзделіп отыр. Ведомство басшысы Дәурен Абаевтың айтуынша, азаматтық сектор өкілдері межелі міндетке қол жеткізуге үлестерін қоса алады. Сондай-ақ қоғам белсенділері қазіргі жастарды не толғандыратынын біледі және оларды шешу жолдарын нұсқай алады.

Дәурен Абаев,  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Еліміздегі этносаралық және дінаралық қарым-қатыстың түрленетін кезі келді. Бірлік, бейтібітшілік пен ынтымақтастық деген ұғымдар өздігінен қалыптаспайды. Оларды тұрақты түрде дамытып отырмасақ, назардан тыс қалады. Бұл жалаң сөздер емес. Елде тұрақтылық болу үшін ымыра керек. Сондықтан осы бағытты ілгерілендіруді жалғастыра бергеніміз абзал.

Хабар 24 телеарнасы