378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Абайдың қоғамдағы жемқорлық туралы жазған өлеңі табылды

  • 396
  • UPD: 21:53, 01.03.2019

Абайдың ұмыт бола бастаған шығармаларын ғалым Асан Омаров қайта жаңғыртты. Солардың бірі «Жаңа закон» атты өлең. Оны алғаш рет,,, жарты ғасыр бұрын Омсктегі архивтен академик Әлкей Марғұлан тапқан.

Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты 34 шумақты өлең төңірегінде дау шығады. Ақыры филологиялық кеңес ұлы ақынның осы өлеңін ұмыт қылады. Дегенмен, істі қайта қозғаған абайтанушы Асан Омаров өлең шумақтарының авторы Абай екеніне сенімді. Себебі туындының әрбір жолы Абай стилімен жазылған. Тақырыбының өзі, қазақтың және сол кездегі қоғамның жемқорлыққа желініп, азып бара жатқаны туралы ойлар ұлы ақынның көзқарасымен ұштасады. Бұған дейін қазақ әдебиетінің классигіне тән 175 шағырма табылған болатын. Енді зерттеуші ғалым тағы 20 туындыны жарыққа шығармақ. Оларды өскелең ұрпақтың бойына сіңіру үшін абайтанушы мектеп оқушыларымен кездесіп, тың деректермен таныстырып жүр. 

Асан Омаров, абайтанушы:

- 10-15 жаңадан өлеңдері табылды соңғы жылдары.  Соның ішінде мынау ең үлкен өлеңі. Бұл өлеңнің маңыздылығы 1878 жылы Абай сотты болғаннан 1883 жылыдың арасы бос қалды. Не өлең жоқ, не бір ешқандай аудармасы жоқ сияқты болып. Осы бес жылда Абайдың ғалымды меңгеріп, орыс жолдастарымен кездесіп өлеңді жазғаны анықталып отыр. Абайдың өлеңі екеніне ешқандай күмән жоқ. Ең соңғы бес шумағы әсіресе абайдың өзінің тергеуде отырған кезін суреттеп береді.

Хабар 24 телеарнасы