389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тараздағы жарылыс болған үйдің тұрғындарының қарыздары кешіріледі

  • 857
  • UPD: 22:45, 01.03.2019

Тараздағы жарылыс болған үй тұрғындары «Тұрғын үйді жаңғырту» бағдарламасы бойынша берешектерін өтемейтін болды. Олардың баспаналарын жөндетуге жасаған 40 миллион теңгелік келісім-шарттары күшін жояды.

Бірақ жарылыс болғанға дейін құрылыс компаниясы үйдің инженерлік коммуникациялық жүйлеріне жөндеу жүргізген. Енді бұл шығындар қалалық бюджеттен қарастырылатын болып шешілді.  Сондай-ақ, баспанасыз қалған 12 адамның пәтерлерін ипотекаға алғандығы анықталып отыр. Бұл мәселеге қатысты барлық мәлімет жинақталып, тізім Ұлттық банкке жолданды. Жойқын жарылыстың неден болғаны әлі нақты белгісіз. Анықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Зерттеу қорытындысы тек 10 күннен кейін ғана белгілі болмақ. Еске салсақ, ақпанның 27-сі күні көпқабатты үйде жарылыс болып, 3 адам қаза тапты. 6 адам ауруханаға түскен еді.

Бейсенбек Жанбосынов, қала әкімінің орынбасары:

- Атқарылған жұмыстар 14 миллион теңгені құрап тұрған екен. Ол төменгі жертөледегі инженерлік коммуникациялар желісі бойынша. Жаңа қыблданған шешімге байланысты ол қаражаттың барлығы кешірілді. Тұрғындарға қойылған келісім-шартты бір жақтама қазір жою туралы шешім қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы