378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте тегін қызметті ақшаға сататын алаяқтарға қарсы акция өтті

  • 263
  • UPD: 23:07, 01.03.2019

Тегін қызметке ақы төлеме! Шымкентте дәл осындай атпенен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында акция өтті. Мақсат азаматтарға құжаттарды делдалдардың көмегінсіз рәсімдеуге шақыру дейді ұйымдастырушылар. Мамандандырылған орталық жыл басынан бері халықтың  30 мыңнан аса  автокөлігін қайта тіркеп, 5 мыңға жуық  жүргізуші куәлігін берген. 

Зафар Мирзаев 25 жылдан бері көлік жүргізеді. Ол мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүргізуші куәлігінің мерзімі жақындағын біліп ауыстыруға келіпті. Тегін қызметті өз тәртібімен алған Зафар ешбір жәрдемшіге жүгінбедім дейді. Ол мұндағы шаруасын бас-аяғы жарты сағат ішінде тындырғандығын айтады.

Зафар Мирзаев, қала тұрғыны:

- Талон номерок аласыз да тиісті төлемін төлеп, қызметтерді еш кедергісіз аласыз. Бәрі өз уақыт сәтімен кезегімен. Тірлігім бітті. Енді жүргіуші куәлігімді аламын. 20-30 минутта дайын болады деді.

Орталық күн сайын 1,5 мың азаматқа қызмет көрсетеді. Мұнда күн сайын 200- ге жуық жүргізуші куәлігі беріліп, мыңнан аса көлік құралы тіркеледі екен. Былтырдан бері тұрғындар онлайн түрде жүргізуші куәлігін ауыстырып, электронды үкімет порталы арқылы автокөлікті қайта тіркеу мүмкіндігіне қол жеткізген. Бұл сыбайлас жемқорлықты алдын алып қана қоймай, тұрғындардың уақытын да үнемдейді дейді орталық басшылары.

Жомарт Үмбетәлиев, «Азаматтарға арналған үкімет» МК филиалы директорының орынбасары:

- Іс-шараның мақсаты, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, және де делдалдар бар ғой сол делдалдарға қарсы жұмыс жасалынып жатыр. Жыл басынан бері электронды жүйе арқылы 20 дан астам жүргізуші куәлігі берілді. 80 нен астам автокөлік тіркелді.

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы өткен ылы азаматтарға автокөлікті қайта тіркеу бойынша 200 мыңнан астам қызмет көрсетіліпті. 45 мыңға жуық  жүргізушіге куәлік берілген.  Ал жыл басынан Шымкент қаласы бойынша 80-нен астам автокөлік онлайн тәсілмен тіркелген.

Ұлан Сарқұлов, қалалық ПД ӘПБ тіркеу-емтихан бөлімінің бастығы:

- Құжаттарды қабылдап болғаннан кейін расписка беріп сол арқылы бізге емтиханға кіреді. Емтиханда ол жерде бейнебақылау қойылған. Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Оны өздеріңіз көріп тұрсыздар. 

Заңсыз делдалдық қызметпен күресуге белсене кіріскен мамандар халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру арқылы алаяқтарды түбегейлі жоямыз деп отыр.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов

Хабар 24 телеарнасы