375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде алғашқы жәрдем беруді үйрететін курстар қолға алынды

  • 270
  • UPD: 23:45, 01.03.2019

Елімізде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету стандарты бекітілмеген. Бүгінде мамандар халықаралық жүйемен жұмыс істейді. Тұрғындардың да бұл тұрғыда сауаты шамалы. Сондықтан тірі қалу мүмкіндігі бар адамдарға тиісті жәрдем көрсетілместен, ажал құшып жатады.  

Дәрігерге дейінгі жәрдем көрсету адам өмірін сақтап қалудың кепілі. Дереу әрекет етпесе, 6 минут ішінде зардап шегушіден айырылып қалу қаупі бар. Елімізде алғашқы жәрдемнің маңызы заң жүзінде айқындалмаған. Десе де, арнайы оқыту курстары қолға алына бастады. Жаттықтырушылар «Халықаралық жүйені өзімізге бейімдеуге мәжбүрміз» дейді.

Жанель Берікова, Астана қалалық «қызыл ай» қоғамының маманы:

- Елімізде алғашқы көмек көрсету туралы түсінік дұрыс қалыптаспаған. Ең бірінші, ол заң жүзінде қорғалмаған. Сәйкесінше бізде көмек көрсету туралы стандарттар да жоқ. Адамдар көбінесе жатқан адамнан қорқып кетіп қалуы мүмкін. Сондай жағдайлар болмас үшін біз курстарда жедел жәрдем келгенше, қалай дұрыс көмек көрсету керектігін көрсетеміз.

Төтенше жағдайлар басқармасындағылардың айтуынша, халық арасында қауіпсіздік мәдениеті төмен. Олар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан түрлі жағдайға ұшырап жатады. Мысалы, өрт бола қалса, өздігінен өшіруге әрекет етпей, 101 нөміріне хабарласу керек. Бастысы, уақыт жоғалтпау маңызды.

Еркін Отарғалымұлы, Байқоңыр ауданы ТЖБ бастығы:

- Егер де өртке тап болсаңыз, өртке қарсы қызметті шақыру керек. Адамдар өздігінен өшіргісі келеді. Дүрбелеңге түседі. Одан кейін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Адамдарды қауіпсіз ортаға көшіру керек. Ең жақын және ең қауіпсіз ортамен жүргізілуі керек.

Ажалмен арпалысып жатқан адамды көрсеңіз шұғыл көмек көрсету керек. Ес-түссіз жатқан жанды байқасаңыз, тыныс алуы мен тамыр соғысын, көз қарасын тексеріп көріңіз. Бұл белгілер болмаған жағдайда көмек көрсетуге асығу керек.

Сәуле Исабек, дәрігер:

- Біздің бірінші жасайтын шарамыз семсер тәрізді өсіндіні тауып, екі саусақты қойып, алақанның негізімен жұмыс жасалады. Алақан алақанның үстіне қойылып, 30 рет жасалады. Одан кейін екі рет дем беріледі. Ұзақтығы 30-40 минут болады. Арасында тынысы қалыпқа келсе, біз бұл шараларды тоқтатамыз. 

Мерей Мұратханқызы, тілші:

- Ал жол көлік оқиғасының куәгері болсаңыз, алғашқы көмек көрсетуге асықпаңыз. Ең бірінші 112 нөміріне хабарласу керек. Одан кейін зардап шегушінің еш жері қысылмағана көз жеткізіңіз. Егер ол өздігінен қозғалатын болса ғана сыртқа шығарып, қатты жерге жатқызу керек.

Ал халықтың естен тану, қан кету, күйік шалу, улану, т.б. жазатайым жағдайда алғашқы көмек көрсету туралы түсінігі әртүрлі.

БЛИЦ

- Алғашқы көмек көрсетуді білеміз. Реанимациялық машина келгенше ұстап тұруға шамамыз келеді.

- Кеудесінен басу керек. Тілін тартып шығару керек. Демалғанша басу керек қой оны.

Елімізде жыл сайын жол көлік оқиғасына тап болған 3000 адам ажал құшады. 1500 қазақстандық өндірістік жарақат алса, оның 200-ден астамы көз жұмады екен. Оларға уақытындаалғашқы көмек  көрсетілсе, жағдай басқаша болар ма еді! Айта кетейік, елімізде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексі жобасы қарастырылуда. Құжат маусым айында қабылдануы тиіс. Ол арқылы алғашқы көмек көрсетудің арнайы оқу бағдарламалары енгізілетін болады.  

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Әділғазы Төлеміс

Хабар 24 телеарнасы