375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда еңбекші әйелдер форумы өтіп жатыр

  • 240
  • UPD: 15:07, 02.03.2019
Павлодарда еңбекші әйелдер форумы өтіп жатыр

Павлодарда «Еңбек әйелдері – Қазақстанның басты құндылығы» атты аймақтық еңбекші әйелдер форумы өтіп жатыр.

Жиында кәсіподақтарды жаңғыртуға арналған жол картасын әзірлеу мәселелері талқыға түсті. Бүгінгі таңда әйел адам отбасы, ошақ қасымен шектелмейді. Үй шаруашылығы мен қызметті қатар алып жүреді. Кәсіпкерлікті қолға алған көпбалалы аналар жетерлік. Жалпы, білім беру, денсаулық сақтау мен  әлеуметтік салаларды нәзік жандарсыз елестету қиын. Солардың бірі төрт баланың анасы Зейнегүл Арынова ұзақ жылдар орман шаруашылығында еңбек етіп келеді. Әйел адамдар бұл саланы да бағындырған. Форумның мақсаты – жұмыс істейтін аналарға қолдау көрсетіп, олардың  қоғамдағы белсенділігін арттыру.

Зейнегүл Арынова, орман шаруашылығының қызметкері:

- Енді ол кісілер бізде тұқымбақтарда, саябақтарда жұмыс істейді. Одан қала берді бақылаушы инспекторлық құрамда жұмыс істейді. Сондықтан да қазіргі таңда әр салада өз орындарын тапқан әйелдер жетістікке жетіп жатыр.

Айгүл  Мәлікова, аумақтық кәсіподақ бірлестігі төрағасының орынбасары:

- Бүгінгі форумның ең басты мәселесі – еңбек әйелдерінің жұмысын көрсету және де гендерлік саясат бойынша олардың біздің елімізге қосып жатқан үлесін көрсету.

Хабар 24 телеарнасы