389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда жас еріктілердің дербес ұйымы құрылды

  • 811
  • UPD: 15:13, 02.03.2019
Оралда жас еріктілердің дербес ұйымы құрылды

Мақсат – еріктілер қозғалысын дамыту.

Сол арқылы олардың қоғамдағы рөлін арттыру. Айта кету керек, аймақтағы еріктілер ұйымдары жеке әрекет жасап келеді. Олар әркез қамқорлыққа мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, түрлі оқыс жағдайлар кезінде көмектерін аямайды. Ұйымның таныстырылымы барысында белсенді өкілдеріне арнайы куәліктер табысталды. Еркін пікір алаңында бас қосқан еріктілер алдағы жоспарларын таныстырды. Ізгілікке құштар жандарды өңір кәсіпкерлері де қолдап отыр.   

Ақұштап Құспан, кәсіпкер:

- Волонтерларға өзімнің көмегім ретінде сұлулық салоныма 20 пайыз жеңілдік қарастырып отырмын. Осы волонтерлар келіп біздің сұлулық салонымызға өздерінің қалаған қызметтерін жасауына болады және мен еріктілер қозғалысына көмектесуге дайынмын.

Бақытжан Нарымбетов, қала әкімінің орынбасары:

- Қалалық жастар ресурстық орталығы жанында 100-ден астам волонтерымыз бар. Дегенмен бұл ұйымдасқан топ. Бұдан бөлек қалада қайырымдылықпен, қоғамдық жұмыстармен айналысып жүрген көптеген волонтерлар бар. Олар қолдарынан келгенше өздерінің ресурстарымен жұмыс істеп жатыр, біздің мақсатымыз – соларға қолдау көрсету.

Хабар 24 телеарнасы