378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда 20 мемлекеттік сайт уақытша жұмыс істемейді

  • 281
  • UPD: 16:15, 02.03.2019
Қазақстанда 20 мемлекеттік сайт уақытша жұмыс істемейді grodnonews.by

Елімізде бірқатар мемлекеттік органдардың порталы уақытша жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік органдардың серверлік орталығында орналасқан телекоммуникациялық жабдықтарда 2019 жылғы 2 наурыз сағат 21:00-ден бастап 3 наурыз 17:00-ге дейін жоспарлы жұмыстар жүргізіледі», - делінген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Фейсбук парақшасында.

Осыған байланысты келесі интернет-ресурстар жұмыс істемейді:

- «Электрондық үкімет» порталы»;

- «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі;

- «Электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі;

- «Мобильді үкімет» қосымшасы;

- «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;

- «Техбайқау» міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі;

- «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры;

-«Тауарларды таңбалау» сервистік бағдарламалық өнімі»;

- «Монополист» базасы сервистік бағдарламалық өнімі;

- Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сайты.

- Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының сайты;

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты.

Хабар 24 телеарнасы