378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында 19 елді мекенді су басу қаупі бар

  • 275
  • UPD: 16:53, 02.03.2019
Қарағанды облысында 19 елді мекенді су басу қаупі бар lenta.inform.kz

Ағысы қатты екі өзен Нұра мен Шерубай-Нұрада судың мөлшері өлшенді.

Соның негізінде Нұраның кей аумағында ылғалдылық межеден екі есе артық екені анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы 2015 жылдан бастап облыста 180 шақырымнан астам бөгеттер салынып, өзен арналарының су жайылуы мүмкін 46 шақырым жағалауы нығайтылған. Бұған қоса, жол бойындағы су өткізетін 6 мың құбыр тазаланды. Соның арқасында 155 елді мекенге төнер қауіп сейілді. Қазір су қоймалары қатаң бақылауда. Жалпы биыл су тасқынының алдын алу жұмыстарына бюджеттен 1 миилиард 900 миллион теңге қаржы бөлінген.

Ибрагим Күлшімбаев, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы:

- Үлкен 2-3 су қоймасын өте үлкен бақылауға алып отырмыз. Самарқанд, Ынтымақ, Шерубай-Нұра, солардан қазір судың деңгейін азайту жұмыстары басталды. 10 текше метр секундына бүгінгі күні суды жіберіп жатыр. Осы су тасқынының кезіне дейін ең төменгі деңгейге дейін жеткіземіз.

Хабар 24 телеарнасы