378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада органикалық өнімдер көрмесі өтті

  • 236
  • UPD: 20:45, 02.03.2019
Елордада органикалық өнімдер көрмесі өтті

Елордалық сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде органикалық өнімдер көрмесі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөреге экологиялық таза косметика, табиғи маталар мен пайдалы азық-түлік тауарлары қойылған. Сонымен қатар үй жабдықтары, сәндік, спорттық бұйымдар мен балаларға арналған өнімдер бар. Бұдан бөлек, шараға келгендер шеберлік сабақтарына қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, елімізде био һәм эко өнімдерге деген сұраныс артып келеді.

Айнұр Мами, Organic Nayryz Festival ұйымдастырушысы:

- Бұрынғы фестивальге қарағанда қатысушыларымыздың саны екі есе артты. Біз үшін бұл өте қуанышты көрсеткіш. Органик, био, эко саласындағы компаниялардың саны өссе, бұл біздің денсаулық деңгейінің өсуі, балаларымыздың аман өсуі, жасыл планетамыздың гүлденуі үшін үлкен әсер беретін шара деп санаймыз.

Хабар 24 телеарнасы