378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» арнасы «Сені іздедім» реалити шоуын ұсынады

  • 284
  • UPD: 21:21, 02.03.2019

«Хабар» арнасы осы көктемде көрермендерге арнап жаңа бағдарлама ұсынады.

Реалити шоу «Сені іздедім» деп аталады. Отбасын құруды мақсат еткен жастарға арналған телеөнім 16 бөлімнен тұрады.

Еліміздің барлық аймағын қамтитын түсірілімге Шымкенттегі әріптесім Нұрбек Байбосын да куә болып қайтты.

«Сені іздедім». Бұл реалити шоуға қатысушы әрбір жас алдын ала іріктеуден өтеді. Бағдарламаның шарты бойынша қатысушы азамат бойдақ болуы керек. Сосын олар жобаға қатысуға ата-анасының рұқсатын алғаннан кейін өтініш білдіреді. Қыз бен жігіт хабардың соңына дейін бірін бірі көре алмайды. Тек болашақ жарының қандай адам болуы қажет екенін сырттай сипаттайды. Талғамына сай өмірлік серігін кездестіргендер соңында отбасын құрып, отау тігуге бел буады.

Азамат Жаппар, «Сені іздедім» реалити шоуының сценарий авторы:

- Бұл жобада ата-анасы өздерінің бойдақ ұл-қыздарына достары, өздерінің келіндері жеңгелері арқылы, құрбы-құрдастары туыстары арқылы қалыңдық жар іздейді. Жобаның мақсаты - отбасы құндылықтарын насихаттай отырып, қазақтың бұрынғы салт-дәстүрін жаңаша лепте көрсету.

Шымкенттегі түсірілімде жастар мейрамханада, саябақта сұхбат құрады. Себебі оңтүстіктің жылы шырайлы ауа-райы бұған өте қолайлы. Бағдарламаның қоюшы режиссері Сабыржан Омарбеков қатысушылардан шынайылықты талап етемін дейді. Сонда ғана еңбегіміз еш кетпей, көрермендерге сапалы дүние ұсынуға болады, - дейді ол.

Сабыржан Омарбеков, «Сені іздедім» реалити шоуының қоюшы режиссері:

- Бұл жерде жалпы 6 бағдарлама түсіреміз. Шымкент қаласындамыз жалпы. Сосын Түркістан облысында да түсіреміз. Әрбір сценарийді біз жақсылап талқылаймыз. Сценаристермен, редакторлармен отырып. Сол сценарийге байланысты кейіпкер іздейміз. Кейіпкерді әр бағдарламаға қоюға қаншама уақыт кетеді.

«Сені іздедім» жобасы «Хабар» арнасында көктем мезгілінде көрермендерге жол тартады. Қазір реалити шоу авторлары түсірілім жұмыстарын аяқтап, хабарды дайындау үстінде.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов

Хабар 24 телеарнасы