378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Алғыс айту күніне орай қымыз мерекесі өтті

  • 270
  • UPD: 21:10, 02.03.2019
Астанада Алғыс айту күніне орай қымыз мерекесі өтті

Астанада қымыз мерекесі өтті. Алғыс айту күніне орай Бейбітшілік және келісім сарайында ұйымдастырылған емдік қасиеті бар сусын көрмесін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жансейіт Түймебаев бүгінде елімізде 130-дан астам этнос тату-тәтті өмір кешіп жатқанын атап өтті және «татулық - бүгінгі бейбіт өмірдің берекелі жалғасы екенін Қазақстан бүкіл әлемге паш етті», деді. Бұл шараға Ассамблея мүшелері, депутаттар, мемлекеттік қызметкерлер, зиялы қауым өкілдері, жастар, кәсіпкерлер мен меценаттар қатысып, олар ұлттық тағамнан дәм татты.

Хабар 24 телеарнасы