378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Миллион кімге бұйырады?» телеойыны елордалық сауда орталығында ұйымдастырылды

  • 363
  • UPD: 15:16, 05.03.2019

«Миллион кімге бұйырады?». Көпшіліктің қызығушылығын оятқан осы бағдарлама бүгін халықтың ортасынан табылды.

Сөйтіп, астаналықтар өздері сүйіп көретін шоуға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

«Хабар» Агенттігі бас қаланың сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде бұл ойын үшін арнай алаң ұйымдастырып, бас бәйгеге хабардың телевизиялық нұсқасына арналған жолдама ұсынды. Кезекті миллион кімге бұйыруы мүмкін?

«Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасы бұл жолы көрермендердің ортасына шықты. Телевизиялық нұсқада15 сұраққа мүдірмей жауап беру керек болса, бұл жердегі талап - 8 сауалдың дұрыс жауабын табу. Ойыншыға екі жеңілдік берілді. Көрермен көмегі және 50/50, яғни компьютер жауаптың екі қате нұсқасын алып тастап отырды.

Досымбек Өтеғалиев, «Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасының жүргізушісі:

- «Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасына, яғни эфирге шығатын бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беріледі. Бағдарламада 15 сұрақ қойылса, бұл жерде ең көп 8 сұрақ қойылады. 8 сұраққа жауап берген адам «Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасына кезексіз қатысуға мүмкіндік алады.

«Миллион кімге бұйырады?» хабарындағы ең жоғарғы ұтыс - 2,5 млн теңге. Ал орыс тілді нұсқасында былтыр алматылық азамат 10 миллионды қанжығасына байлаған. Ал бүгін телевизиялық жобаға арналған жолдама Астана тұрғыны Жәнібек Әмірхамзинге бұйырды. Енді ол миллионер атануға дәмелі.

Жәнібек Әмірхамзин, жеңімпаз:

Сұрақтар телевизиялық жобаға қарағанда біраз жеңіл болған сияқты. Осы жерде екі бірдей досым болды. Олар аталмыш жобаға қатысып, соның жеңімпазы болған жігіттер. Сондықтан солардан көмек өте көп болды.

Көпшіліктің көңілінен шығып жүрген шоуға қатысу үшін 3698 қысқа нөміріне «К1» кілт сөзін жіберу керек. Телеойын әр сенбі сайын сағат 20:15-те «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.

Авторлары: Ж.Біркенов, А.Қарақойшиев

Хабар 24 телеарнасы